2025 жылғы Иммунизациялау апталығы аясында емханамызда тәжірибелі педиатр дәрігер Капышева Г.Е. медицина қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.
Семинар барысында вакцинопрофилактика тақырыбы кеңінен талқыланып, қазіргі таңда қолданылып жатқан вакциналар, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы өзекті ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар дәрігерлер арасында тәжірибе алмасу, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Бұл шара медицина қызметкерлерінің білімін жаңартып, иммундау жұмысының сапасын арттыруға ықпал етті.