Емханамыздың күнделікті жұмысы — үлкен ұжымның ортақ еңбегінің нәтижесі. Дәрігерлер мен мейіргерлер, тіркеу бөлімінің мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, санитарлар, техникалық және шаруашылық қызмет мамандары, жүргізушілер, күзет қызметкерлері және өзге де мамандар — әрқайсысы ортақ істің маңызды бір бөлігі.
Әр маманның атқаратын қызметі әртүрлі болғанымен, баршамызды біріктіретін мақсат бір — халық денсаулығына қамқорлық жасау, сапалы қызмет көрсету және емхананың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету.
Бүгін біз күн сайын өз міндетін адал атқарып, ортақ іске үлес қосып жүрген әрбір қызметкерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын! Әр шаңыраққа амандық, еңбектеріңізге береке, қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Бір мақсат — ортақ еңбек.
Бір ұжым — ортақ жауапкершілік.
Еңбек күні құтты болсын!



