Профилактикалық медицина және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі

Бөлім меңгерушісінің м.а. — Нұрахметова Жанерке Берікбайқызы
Аға мейіргер — Жұмағали Анжелика Талғатбекқызы

Профилактикалық медицина және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі (бұдан әрі – ПМӘПКБ) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК (бұдан әрі – №8 ҚЕ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ПМӘПКБ 2012 жылы медициналық қызметкерлердің қауіп факторларын анықтау және әлеуметтік мәні бар аурулардың дамуының алдын алу бағытындағы қызметін оңтайландыру мақсатында құрылған.

ПМӘПКБ халыққа пациенттердің қажеттіліктеріне сай келетін, сапалы, қолжетімді, үздіксіз және қауіпсіз профилактикалық көмек көрсетеді. Қызметіміздің басым бағыты – аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу. Бөлім №8 ҚЕ-ге тіркелген халыққа медициналық, медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуге арналған.

ПМӘПКБ МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтерді, сондай-ақ амбулаториялық жағдайда, үйде және күндізгі стационарда әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда:

  • емханаға тіркелген мақсатты топтар арасында қауіп факторлары мен ауруларды ерте кезеңде анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексерулерді (скрининг) жүргізу;
  • пациенттерге жеке, кәсіби және психологиялық мәселелерді шешу бойынша психологиялық кеңес беру;
  • тіркелген халыққа мамандандырылған әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
  • мұқтаж азаматтарға қолданыстағы әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат беру, құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу (балалар үйі, қарттар үйі, қозғалыс құралдарын рәсімдеу, құжаттарды алу, қорғаншылық және қамқоршылық құжаттарын рәсімдеу және т.б.);
  • әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсететін мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен серіктестікте жұмыс жүргізу;
  • бейіндер бойынша Денсаулық мектептерінің қызметін ұйымдастыру;
  • салауатты өмір салты аясында тіркелген ұйымдарда және мектептерде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, көрнекі материалдарды пайдалану арқылы, сондай-ақ күту залдарында аудио-бейнематериалдарды тұрақты көрсету жолымен аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • төтенше және дағдарыстық жағдайларда өзін-өзі және өзара көмек көрсету әдістеріне оқыту арқылы халықты денсаулықты қорғау үдерісіне тарту, өзін-өзі сақтау дағдыларын қалыптастыру (мектептер, клубтар және т.б. ұйымдастыру);
  • оқуға және жұмысқа қабылдау кезінде алдын ала міндетті медициналық тексерулерді және мерзімдік міндетті (ақылы) медициналық тексерулерді өткізу.

ПМӘПКБ-ның негізгі міндеттері:

  • емхана қабылдауында дәрігерге дейінгі және білікті көмек көрсету, үйде және күндізгі стационарда әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
  • тіркелген халыққа профилактикалық, оның ішінде скринингтік тексерулерді ұйымдастыру және өткізу;
  • санитариялық-гигиеналық білімді насихаттау арқылы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • тіркелген халыққа психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • 10 жастан бастап балаларға, 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психоәлеуметтік көмек ұйымдастыру;
  • оқуға және жұмысқа қабылдау кезінде алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық тексерулерді өткізу.

Негізгі функциялары:

  • тіркелген халықтың профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтуін қамтамасыз ету;
  • қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті, глаукома, онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік жастағы тұрғындарға профилактикалық тексерулер жүргізу;
  • сапалы әрі уақытылы профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
  • әлеуметтік жағдайды және тұлғаның әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін кешенді диагностикалау;
  • психологиялық диагностика жүргізу, психопрофилактикалық көмек көрсету, жеке және топтық түрде көмек ұйымдастыру;
  • үй жағдайында әлеуметтік-психологиялық патронаж жүргізу;
  • сенім телефоны арқылы консультациялық-психологиялық көмек көрсету;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру және Денсаулық мектептерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысу;
  • денсаулық күндері, айлықтар, ашық есік күндері және өзге де іс-шараларды өткізуге қатысу;
  • 10 жастан 29 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер мен жастарға «Сенім» жастар денсаулық орталығында медициналық-психоәлеуметтік көмек көрсету;
  • алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық тексерулер жүргізу; көлік құралын басқаруға, қару алып жүруге, бассейнге баруға, мемлекеттік қызметке орналасуға, шетелге шығуға рұқсат беру туралы анықтамалар беру; шетел азаматтарына көші-қон полициясына арналған анықтамалар беру; жеке санитариялық медициналық кітапша бойынша медициналық тексерулер жүргізу.

ПМӘПКБ ересектер корпусында орналасқан:
1-қабат – №107, 108, 109, 125, 126, 127, 128, 129 кабинеттер;
3-қабат – №303;
4-қабат – №415.

Бөлім құрамына:

  • дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті;
  • скрининг кабинеті;
  • әйелдерді қарау кабинеті;
  • ерлерді қарау кабинеті;
  • салауатты өмір салтын насихаттау кабинеті;
  • психолог кабинеті;
  • әлеуметтік қызметкер кабинеті;
  • терапевт/профпатолог кабинеті;
  • «Сенім» жастар денсаулық орталығы кіреді.

Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті

Кабинет келушілер ағынын реттеу және дәрігердің құзыретін талап етпейтін қызметтерді орындау үшін ұйымдастырылған.

Негізгі міндеттері:

  • пациенттерді дәрігерге жолдаудың шұғылдығын анықтау;
  • артериялық қысымды, дене қызуын және басқа да көрсеткіштерді өлшеу;
  • емханада дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
  • санитариялық-гигиеналық тәрбие және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Скрининг кабинеті

Қызметі қауіп факторлары мен ауруларды ерте кезеңде анықтау мақсатында скринингтік жастағы халыққа профилактикалық медициналық тексерулер жүргізуге бағытталған (қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті, глаукома, колоректалдық қатерлі ісік, сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, ми қан айналымының бұзылыстары).

Әйелдерді қарау кабинеті

Әйелдердің сыртқы жыныс ағзалары мен кіші жамбас ағзаларындағы гинекологиялық, ісік алды және онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізеді.

Ерлерді қарау кабинеті

Ер азаматтарды ісік алды және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау мақсатында профилактикалық тексеруден өткізеді.

Салауатты өмір салтын насихаттау кабинеті

Санитариялық-гигиеналық тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, әртүрлі аурулардың қауіп факторларының (темекі шегу, алкоголь, гиподинамия және т.б.) алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастырады.

Денсаулық мектептерінде топтық сабақтар өткізіледі:

  • «Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы» мектебі;
  • «Қант диабеті» мектебі;
  • «Бронхиалдық астма» мектебі;
  • «Отбасын жоспарлау» мектебі;
  • «Босануға дайындық» мектебі;
  • «Жас ана» мектебі;
  • «Дені сау бала» мектебі;
  • «Мінез-құлықтық қауіп факторлары» мектебі;
  • «Белсенді ұзақ өмір» қарттар мектебі.

(Мектептердің қызметі: аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану мен емдеу тәсілдерін үйрету, пациенттердің білімін арттыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру.)

Психолог кабинеті

Психолог диагностикалық әдістер арқылы тұлғаның психологиялық мәселелерін анықтап, психокоррекциялық көмек көрсетеді:

  • психожарақаттық жағдайларды түзету;
  • ішкі қайшылықтар;
  • төмен өзін-өзі бағалау;
  • ресурстық күйді қалыптастыру;
  • коммуникациялық қиындықтар;
  • реніштермен жұмыс;
  • қорқыныштар;
  • посттравмалық күйзеліс;
  • ата-ана мен бала арасындағы қатынас мәселелері.

Сондай-ақ жүктілікке дайындық кезеңінде, жүктілік барысында және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге мамандандырылған психологиялық көмек көрсетіледі.

Әлеуметтік қызметкерлер

  • тіркелген халыққа мамандандырылған әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмек алуға жәрдемдесу;
  • қиын өмірлік жағдайларды еңсеруге жағдай жасау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • әлеуметтік сала субъектілерімен ынтымақтастық негізінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсету.

Терапевт/профпатолог кабинеті

  • оқуға және жұмысқа қабылдау кезінде алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық тексерулер жүргізу;
  • көлік құралын басқаруға, қару алып жүруге, бассейнге баруға, мемлекеттік қызметке орналасуға, шетелге шығуға арналған анықтамалар беру;
  • жеке санитариялық медициналық кітапша бойынша медициналық тексерулер жүргізу.

«Сенім» жастар денсаулық орталығы

«Сенім» жастар денсаулық орталығы 2012 жылғы 26 наурызда №8 ҚЕ базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 19 қазандағы №491 бұйрығына сәйкес құрылған.

Орталық қызметі еріктілік, қолжетімділік, сенім, ізгілік және жастардың белсенді қатысу қағидаттарына негізделген. 10–29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психоәлеуметтік көмек көрсетіледі. Тұрақты түрде семинарлар, дәрістер, ашық есік күндері, тренингтер өткізіледі, суицидтің алдын алу және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметтер:

  1. Репродуктивтік және психикалық денсаулықты қорғау бойынша ақпараттық қызметтер;
  2. Педиатр, терапевт, гинеколог, уролог, дерматовенеролог, психолог және әлеуметтік қызметкер консультациясы;
  3. Репродуктивтік денсаулық ауруларының (оның ішінде жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) алдын алу, диагностикасы және емі;
  4. Медициналық-психологиялық көмек (психологиялық диагностика, түзету, кеңес беру).

Жасөспірімдер мен жастарға арналған сенім телефоны: 95-57-67.