ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Туберкулез – ерте анықталған жағдайда тиімді емделетін жұқпалы ауру. Аурудың алғашқы белгілері бірден байқалмауы мүмкін, сондықтан өз денсаулығыңызға мұқият болу маңызды.
Назар аудару қажет негізгі белгілер:
2 аптадан астам уақытқа созылатын жөтел;
Дене қызуының көтерілуі;
Жалпы әлсіздік және тез шаршау;
Түнгі тершеңдік;
Тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту;
Кеуде тұсының ауыруы.
❗ Есіңізде болсын! Бұл белгілер басқа ауруларда да кездесуі мүмкін. Нақты диагнозды тек медициналық тексеру арқылы анықтауға болады.
‍⚕️ Егер аталған белгілер байқалса, өз бетіңізше емделмей, дәрігерге қаралыңыз!
Туберкулезді ерте анықтау – тиімді емдеудің және инфекцияның таралуын болдырмаудың маңызды қадамы!