Емханамызда «Салауатты жұмыс орны» акциясы аясында әйелдер консультациясы, жедел медициналық көмек және педиатрия бөлімдерінің қызметкерлерінің қатысуымен сергіту жаттығуы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық белсенділікті арттыру, жұмыс барысында туындайтын шаршаудың алдын алу және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сергіту жаттығулары барысында қатысушылар бұлшықеттерді босаңсытуға, қан айналымын жақсартуға және жұмысқа қабілеттілікті арттыруға бағытталған қарапайым дене жаттығуларын орындады.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжымдық бірлікті арттыруға, еңбек өнімділігін жақсартуға және жұмыс орнында қолайлы атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.




