Балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күні ұйымдастырылды

2026 жылғы 26 мамыр күні Балаларды қорғау күніне орай емханамызда «Балаға қамқорлық – ұлтқа қамқорлық» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалар денсаулығын нығайту, ата-аналарға медициналық кеңес беру және профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Ашық есік күні аясында дәрігер-педиатрлар мен бейінді мамандар балаларға консультациялық қабылдаулар жүргізді. Сонымен қатар профилактикалық тексерулер ұйымдастырылып, балалардың денсаулық жағдайына бағалау жасалды.

Іс-шара барысында ата-аналарға емшекпен қоректендіру, дұрыс тамақтану, бала күтімі мәселелері бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді. Мамандар жұқпалы және созылмалы аурулардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпараттық әңгімелесулер өткізді.