Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері №34 және №55 орта мектептерінің оқушыларына темекі мен электронды вейбтардың зияны туралы ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға темекі өнімдері мен электронды темекілердің адам ағзасына тигізетін зияны, олардың денсаулыққа кері әсері және зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және пайдалы әдеттерді қалыптастыру жөнінде ақпарат берілді.





