ЕГЕР СІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛДЫҢ, ӘРІПТЕСТЕР МЕН ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ДӨРЕКІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНА ҚАТЫСУШЫ БОЛСАҢЫЗ
Емханада Этикалық комиссия жұмыс істейді
Этика мәселелері жөніндегі комиссияға жүгіну тәртібі
- Этикалық комиссия туралы ақпарат барлық медициналық персоналға, пациентке және олардың туыстарына қолжетімді орындарда берілген (сайт, емхананың тіркеу орыны);
- Астана қаласы әкімдігінің «№ 8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК медициналық персоналы,
- пациенттер мен олардың туыстары этика мәселелері жөніндегі комиссияға этика және деонтология қағидаттарын бұзудың кез келген себебі бойынша келесі тәртіппен жүгіне алады:
- емхана басшылығының атына жазбаша және ауызша өтініш (директор, директордың орынбасарлары, Пациентті қолдау және ішкі медициналық аудит қызметі)
- +7 (7172) 95-57-70 телефоны арқылы
Этикалық нормаларды бұзу фактілерін анықтау тәртібі, тіркеу, талдау және жазалау шаралары
- Этикалық комиссия туралы ақпарат медициналық персонал, пациент және олардың туыстары сынды барлық адамдар үшін қолжетімді орындарда орналастырылады: (емхананың тіркеу орыны, ресми сайт);
- Медициналық персоналдың, пациенттің және олардың туыстары этика және деонтология принциптерін бұзудың кез келген себебі бойынша этика мәселелері жөніндегі комиссияға жүгіне алады.
- Барлық өтініштер этика мәселелері жөніндегі комиссияда міндетті түрде қаралуға жатады.
- Этика мәселесі бойынша комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша жалпы мерзім өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 20 күннен аспауға тиіс.
- Этика және деонтология нормаларын бұзғаны үшін жазалау шаралары-Қазақстан
- Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабында көзделген тәртіптік жазалар.