2021 жылдың 15 желтоқсанында № 8 қалалық емхананың акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аарналған салтанатты жиын өтті.

Емхана директоры Тосекбаев Қанат Дүйсебайұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау сөз сөйлеп, Республиканың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, мемлекетіміздің саяси аренадағы берік жағдайын, әлеуметтік және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты атап өтті.

Салтанатты жағдайда біздің дәрігерлер мен мейірбикелер құрмет грамоталарымен марапатталып, еңбектеріне адалдығы, кәсіби шеберліктері үшін үлкен алғыс білдіріліп, емхананың сегіз қызметкеріне денсаулық сақтау басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кәсіби қызметі үшін грамоталары табыс етілді.