Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған жасөспірімдер арасында онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша семинар өткізді

МКҚ «№8 қалалық емхана» ШЖК «Сенім» жастар денсаулық орталығы эпидемиолог дәрігер Нугманова М.М., психолог Бозжигитова Қ.М., әлеуметтік қызметкер Кобегенова Д.Т. емхана аумағына тіркелген оқу мекемелерінде тұрақты негізде дәрістер оқу мен семинарлар өткізеді. 2022 жылдың 15 ақпанында №5 гимназия аумағында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған жасөспірімдер арасында онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша семинар өткізді.
Қатерлі ісікпен ауыратын балалар күні жыл сайын 15 ақпанда, әлемнің 40-тан астам елінде атап өтіледі. Бұл күн алғаш рет күнтізбеде 2001 жылы қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналарының Дүниежүзілік конфедерациясының (ICCCPO) бастамасымен пайда болды.
Жыл сайын әлемде 200 мыңға жуық бала қатерлі ісікпен ауырады, олардың жартысы қайтыс болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша қатерлі ісік — зорлық-зомбылықтан (жарақаттану, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру) кейінгі балалардағы өлімнің екінші жиі кездесетін себебі. ⠀
Жыл сайын бұл күні бүкіл әлемде қоғамның назарын осы проблемаға аударуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі.