Түсік, салдары және асқынулар

Түсік, салдары және асқынулар

          Түсік(лат. abortus — түсік) медицинада  құрсақтағы ұрықтың мерзіміне жетпей тіршілігі үзілуі, яғни жүктілікті қасақана тоқтату немесе түсік түсуі.

          Түсік қай кезде өте қатты қажет?

Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады.

          Жүктілікті тоқтатудың жаңашыл тәсілдері

Қазіргі кезде түсік тәсілдерін жүргізудің бірнеше тәсілдері бар.

Бұл тәсілдердің барлығы жүкті әйелдің жәй-күйі мен клиникалық мүмкіншіліктеріне қарай, жүктілік мерзіміне байланысты нақтыланып, дәрігер маманның қорытынды шешімімен жасалады.

          Түсік асқынулары және салдары:

Түсік жасалғаннан кейін келесі асқынулар болуы мүмкін:

Жатырдан қан кету-сирек және қан ұюындағы бұзылыстары бар әйелдерде байқалады. Егер түсік жасатқаннан кейін сізде қынаптан қан аралас мол бөліну болатын болып,  2-3 сағаттың ішінде 2-3 төсеніш немесе 2-3 тығын ауыстыруға тура келсе, міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз жөн.

Алғашқы белгі яғни жатыр қуысында ұйыған қан жиналуы және іштің төменгі жағында қатты аурудың белгісі пайда болады.

          Инфекция және жатырдың шырышты қабығының қабынуы(эндометрит) –жатырға микробтартүскен кезде пайда болады. Түсіктен кейін инфекцияның дамуының белгісі қызудың көтерілуі,Қалтыраудың пайда болуы және түсіктен кейін бірнеше күн бойы іштің ауыруы.

          Бедеулік — бұл өте сирек кездесетін түсік асқынуы. Қырнау тәсілімен жүргізілген түсіктен кейін бедеуліктің даму ықтималдылығы жоғары.

Егер түсіктен кейін төмендегі сипат орын алса дереу дәрігерге қаралыңыз:

  • Сізде қынаптан қан аралас бөліну тез тоқтап қалды және іштің төменгі жағында ауру пайда болды;
  • Сіздің қызуыңыз 38С –тан жоғары;
  • Ауырғанды басатын дәрі қолдансаңыз да, іштің қатты ауырғаны басылмады;
  • Сізде қынаптан қан кету молынан, яғни гигиеналық төсеніштер тез толып кетеді және бірнеше сағатқа дейін тыйылмайды;
  • Сізде қынаптан  молынан, исі жағымсыз бөлінді пайда болды;
  • Сіздің жағдайыңыз бірден нашарлап, басыңыз айналады, әлсіздік немесе есіңізден танып қаласыз.

          Назар аударыңыз!

          Өз-өзіңізді емдеумен айналысу, сіздің денсаулығыңызға орны толмас зиян әкеледі.

    Білу керек!

          Ешқашанда өз бетіңізбен түсік жасатуға және заңсыз түсік жүргізуге келіспеңіз! Бұл-өте қауіпті!