Күндізгі стационар

Бөлім жөнінде:

ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК күндізгі стационар бөлімі 2008 жылы қаңтар айында ашылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында халыққа жалпы терапиялық бейін бойынша стационар алмастыру көмегін көрсетеді. Күндізгі стационар жағдайында ем алуға ынта білдіруші емделушілер саны көбейіп келеді. 2014 жылы күндізгі стационарда 2600 емделуші емделсе, 2015 жылы 3245 емделуші ем алды. Күндізгі стационар емхананың 4 қабатында орналасқан, 26 төсек орынға арналған. Жұмыс кестесі 8.00 -18.00.

Емшаралар 2 аусымда жүргізіледі. Күндізгі стационарда 5 палата бар: 3 әйелдерге, 2 ерлерге, 1 сервистік палата. Күндізгі стационарда емделу жоспарлы түрде емделушіге берілген жолдама бойынша, зертханалық талдаулар мен бейінді мамандар кеңесі негізінде жүргізіледі. Күндізгі стационар ТМККК тізбесіне жатпайтын қызметтерді ақылы негізде жүргізеді.

Кеңестік бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:

  •  жиі және ұзақ ауыратындар мен ауруы жоғары қауіп-қатер тобындағы емделушілерге алдын алу сауықтыру іс-шаралары
  •  сырқаттар, мүгедектер мен жүкті әйелдерге сауықтыру және оңалтудың кешенді курстарын жүргізу
  •  алғашқы қойылған нақтамалы немесе созылмалы сырқаттылардың ауру дәрежесінің ауырлығы өзгерісіне терапиялық іріктеу
  •  амбулаторлық жағдайда ота жасалғандарға медициналық қадағалау
  •  емделушілердің емделу мерзімдерін қысқарту, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету
  •  госпитализациялаусыз тұрғылықты мекен-жайы бойынша білікті көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз ету

Бөлімнің негізгі қызметі:

  •  емделушілерге ТМККК аясында білікті мамандандырылған стационар алмастыру медициналық көмегін көрсету
  •  тәуліктік медициналық қадағалауды қажет етпейтін емделушілерге, сонымен қатар тәуліктік стционар қадағалауынан шыққан емделушілерге, яғни ары қарай қалпына келтіру емін талап етушілерге кешенді емдеу, алдын алу және оңалту іс-шаралар көмегін көрсету
  •  қауіп-қатер тобындағы сырқаттарға кешенді емдеу, алдын алу және оңалту іс-шаралар көмегін көрсету
  •  шұғыл жәрдем жағдайында жедел медициналық көмек көрсету, Халық арасында аурулардың алдын алу бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Азаматтардың денсаулығын қорғау үрдісіне халықты тарту
  •  стационарлық жағдайда шұғыл тәуліктік медициналық қадағалау қажет саналатын тұлғаларды жедел госпитализациялау