Туберкулез — уақтылы анықталып, дұрыс ем жүргізілген жағдайда толық жазылуға болатын ауру.
Заманауи диагностикалық әдістер ауруды дер кезінде анықтауға және туберкулез қоздырғышының дәрілік препараттарға сезімталдығын айқындауға мүмкіндік береді. Ал дұрыс таңдалған ем толық сауығуға қол жеткізуге көмектеседі.
Емнің тиімді болуы үшін:
дәрілік препараттарды дәрігердің тағайындауы бойынша қатаң қабылдау;
дәрі қабылдауды өткізіп алмау;
денсаулық жағдайы жақсарғанның өзінде емді өз бетінше тоқтатпау;
қажетті тексерулерден жүйелі түрде өтіп тұру;
медицина мамандарының ұсынымдарын сақтау маңызды.
Ауруды ерте анықтау — толық сауығуға бастайтын маңызды қадам.
Дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз және денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!




