МӘМС жүйесі – әр қазақстандыққа ортақ мүмкіндік!

Емханамыздың өкілі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана филиалының бөлім басшысы А. Орынбасарұлымен бірге @qazradio.fm радиосының «Мінбер» бағдарламасында сұхбат берді.

Сұхбат барысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің маңыздылығы, оның қазақстандықтарға ұсынатын мүмкіндіктері мен артықшылықтары талқыланды.