«Ауру-астан» деп қазақ халқы айтпақшы, дұрыс тамақтану, уақытылы дәрумендерге бай ас ішу көп аурудың алдын алатыны сөзсіз. Ал дұрыс тамақтану қағидалары біздің бойымызға жастайымыздан сіңіріледі. Бүгін емханамыздың СӨС дәрігері Лаура Амирбекқызы елордадағы Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гиназиясының 8- 11 сынып оқушыларына дұрыс тамақтану туралы танымдық сабақ өткізді.
«Жеткіншекке тамақтану мен белсенді уақыт өткізу арасында тепе-теңдікті табу қажет. Дене шынықтыру сабақтарындағы жаттығулар жеткіліксіз. Компьютермен немесе телевизормен өткізілген белсенді емес уақытты ең болмаса күнделікті сағаттық серуендеумен алмастырған жөн. Бұл үшін. тіпті, арнайы жаттығуларды орындаудың қажеттілігі жоқ — велосипед тебу, билеу, итпен серуендеу жеткілікті», — дейді біздің дәрігер.
Дәрігеріміздің айтуынша, жеткіншектердің көпшілігі гамбургерлерді жақсы көреді, бірақ сонда да Fast Food түріндегі тағамдарды көп болса аптасына бір-ақ рет пайдалануға дейін шектеуге кеңес беріледі. Ол құнарсыз тағамдардың орнына шамалы мөлшердегі майы бар, ақуызға бай, майсыз етті қолдануға кеңес берді.
«Жемістер — оқу кезінде жеңіл тамақтанып алудың тамаша әдісі. Ең жақсысы, жеткіншектер жақсы көретін чипсылардың немесе тәттілердің орнына, оларды жеген дұрыс. Жемістер дәрумендердің, минералды заттардың және жасұнықтың бағалы көзі болып табылады, сонымен қатар, оларда көп қант барын, көп мөлшерде олар денсаулыққа зиян екендігін естен шығармаған жөн», — деді Лаура Амирбекқызы.
Сабақ соңында оқушылар өздері қызықтырған сауалдарға жауап ала алды. Олардың басым көпшілігі қазіргі Ораза айына байланысты болғанын байқадық.