Бүгін Мемлекет басшысы Президент Жолдауын жариялады.

Әрине, Жолдауда медициналық қоғамдастық денсаулық сақтауды және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды қозғады. Әсіресе, ауыл тұрғындары үшін қуаныштымыз.

«Медицина-инвестициялық тартымды сала, тек дұрыс жағдай жасау керек. Мен келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдадым. Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылатын болады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады. Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді», — деді Мемлекет басшысы.

Бұдан басқа, телемедицина дамытылады, білікті көмек көрсетуге жол ашады.

Бұл шаралардың барлығы шын мәнінде ұлтымыздың денсаулығын сөзбен емес, іс жүзінде жақсартуға мүмкіндік береді.