Емханамызда балалар фтизиатрының қатысуымен ашық есік күні өткізілді. Іс-шара аясында балаларға консультативтік қабылдау жүргізіліп, скринингтік тексерулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ ата-аналарға туберкулездің алдын алу, ауруды ерте анықтау, диагностикадан уақтылы өту және медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы жөнінде кәсіби кеңестер берілді.
Сонымен қатар, тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға туберкулездің жұғу жолдары, алғашқы клиникалық белгілері, алдын алу шаралары, профилактикалық тексерулердің маңызы және балалардың денсаулығын қорғаудағы ерте диагностиканың рөлі түсіндірілді.
Осындай іс-шаралар халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға, туберкулезді ерте анықтауға және балалар денсаулығын сақтауға бағытталған.




