№8 қалалық емханада қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі

Қазақстан Республикасында және Нұр-Сұлтан қаласында қызылша ауруының өсуіне байланысты, қызылша және қызамық жағдайларының таралуына жол бермеу мақсатында Сембинов көшесі-4/1 мекен-жайы бойынша №8 қалалық емханада 16.09.2019 ж. бастап 16.10.2019 ж. дейін 20-дан 29 жасқа дейінгі ( қоса алғанда) жастағы халыққа (емханаға тіркелуіне қарамастан) қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі.

Иммундау №8 қалалық емханада жүргізіледі.

Күн сайын жұмыс күндері: сағат 08:30-дан 17:00-ге дейінгі аралықта  №133 кабинетте, (егу кабинеті),   дәрігер қарауы:№105 каб.

Иммундау-тегін жүргізіледі.

Есте сақтаңыз: Қызылша жұқтырудың алдын алатын жалғыз тиімді құралы-тек ВАКЦИНАЦИЯ!

СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА!!!