Біз туралы

«№8 қалалық емхана» – қазіргі заманға сай амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау мекемесі. Емханада үш отбасылық денсаулық орталығы, мектеп-мектепке дейінгі бөлімше, акушерлік-гинекологиялық бөлімше, соматикалық және хирургиялық бейіндегі мамандандырылған бөлімшелер, күндізгі стационар, клиникалық — диагностикалық бөлімше, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі жұмыс істейді.
2010 жылдан бері емханада қалалық офтальмологиялық орталық ТМККК шеңберінде пациенттерге жоғары технологиялық диагностикалық қызметтер көрсетеді. Орталық катарактаны, глаукоманы, көз түбінің патологиясын диагностикалауға арналған заманауи аппараттармен жабдықталған.

Біздің құндылықтар
Жоғары мәнділік-біздің емделушілердің денсаулық деңгейін жақсарту және сақтауда жеке әдістемелерді қалыптастырумен медициналық көмек көрсетудің сенімділік үрдістерін енгізу, талап-тілектерін қанағаттандыру.

Әлемдік және өзіндік соңғы ғылыми жетістіктерге бағытталған емделушілердің денсаулығын ұзақ бақылаудың кешенді бағдарламасын құрастыру және жүзеге асыруда көшбасшылыққа талпыну.

Емхананың менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған жетекшінің көшбасшылығы мен жауапкершілігі.

Емхана қызметінің жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу.

Әр қызметкердің кәсіби өсуі мен жеке тұлғалық потенциалдық ашылуына мүмкіндік тудыруға себепші пікірлес команданы қалыптастыру.

Міндеттер
Халыққа медициналық алғашқы көмек көрсету, мекеменің метариалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Медициналық көмек сапасын арттыру, дәрігерлер мен медбикелердің біліктілік дәрежесін көтеру.
Баллардың, бала көтеретін жастағы әйелдердің денсаулық индексін көтеру, профилактикалық медициналық тексерулерді сапалы жүргізу.
Әлеуметтік мәні бар ауруларды төмендету және тұрақтандыру жұмыстарын жүргізу.
Ересек тұрғындардың ерте мерзімде қайтыс болу жағдайларын азайту және ана мен бала өліміне жол бермеу.
Мүгедектікке алғаш шығу деңгейін төмендету.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру ретінде салауатты өмір салтын насихаттау.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін Емхананың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрғылықты және бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылған.
Қызмет түрлері
1.Қызмет көрсету аумағы бойынша бекітілген халыққа емханада және үй жағдайында білікті медициналық көмек көрсету.
2.Жүрек- қантамырлары аурулары , онкологиялық және т.б аурулардың қауіпі жоғары науқастарды, сонымен қатар жыныстан тыс дерті бар бала көтеретін жастағы әйелдерді диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру.
3.Жедел және жазатайым оқиғалар кезінде науқастарға медициналық алғашқы көмек көрсету.
4.Мамандандырылған және арнаулы медициналық көмек, ауру бейініне байланысты зертханалық-диагностикалық қызмет, шипажайларға жолдама алуы үшін МСАК мамандарының пациенттерді дер кезінде ауруханаға жатқызуы.
5.Профилактикалық медициналық тексерулерлдің барлық түрі.
6.Санитарлиялық-эпипдемиологиялық іс-шаралар: жұқпалы ауруға шалдыққан науқасты анықтау, індет ошақтарына бақылау жасау, иммунопрофилактика, санитарлық-ағарту жұмыстары.
7.Еңбекке уақытша және тұрақты жарамсыздыққа сараптама, еңбек жағдайын өзгертуге мұқтаж адамдарды тиімді жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар.
Мақсаты
Профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін қоса алғанда, халыққа қолжетімді , сапалы және қауіпсіз қызмет көрсете отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде арналуы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету.
Миссия
Миссия – аурудың алдын алуға дағдыландыру және әр жас кезеңінде организмнің әртүрлі дертке төзімділігін күшейту арқылы тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру