№8 қалалық емханада халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы қайта вакцина егу басталды

Сіздерді ревакцинацияға шақырамыз және «Спутник V» векторлық вакцинасын алған тұлғаларға ревакцинацияны 9 айдан кейін жүргізу ұсынылады, ал 6 айдан кейін КВИ-ға қарсы вакцинацияның аяқталған курсынан кейін КВИ-ға қарсы антиденелер табылмаған адамдар ревакцинацияланады:

Активтендірілген вакциналармен ревакцинация жасалады – бұлар QazVac, Sinopharm, QazVac вакцинасын алған Sinopharm вакцинасымен қайта вакцинацияланады, Sinopharm вакцинасымен егілгендер QazVac вакцинасымен қайта егіледі.

Ревакцинацияны мына жерден алуға болады:

№8 қалалық емхана Сембинова к-сі, 4/1, 1 қабат, No123,124 кабинеттер, күнделікті сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз:39-99-99

КВИ-ге ҚАРСЫ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА ТИІС ХАЛЫҚ КОНТИНГЕНТТЕРІ (ТӘУЕКЕЛ ТОПТАРЫ)
• Медицина қызметкерлері
• Тәрбиешілер
• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері
•Медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті
• 60 жастан асқан адамдар
• КВИ-ға қарсы вакцинация курсын аяқтағаннан кейін КВИ-ға қарсы антиденелер анықталмаған иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессиялық емделушілер (қатты ісік немесе гематологиялық қатерлі ісік, оның ішінде лейкоз, лимфома және миеломаның белсенді иммуносупрессивті емі) немесе мұндай емдеуді тоқтатқаннан кейін 12 ай), гемодиализ, трансплантациялық реципиенттер, ауыр біріншілік иммун тапшылығы, АҚТҚ жұқтырғандар)
• Өз бетінше тексерілген (КВИ-ға қарсы бастапқы вакцинация курсы аяқталғаннан кейін 28 күннен кешіктірмей) және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс сынақ нәтижесі бар адамдар.