Архив автора: e8admin

Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігінің күні

Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігінің күні жыл сайын өткізіледі, яғни 2020жылдың (3 қазан сейсенбі) — 20 қазан күні. Осы күнге арналған іс-шаралар әлемнің 44-тен астам елінде өткізіледі. № 8 Қалалық емханада 12-31 қазан аралығында онкүндік аясында халықтың сүт безі қатерлі ісігі, қауіп факторлары, ерте диагноз қою және маммографиялық скрининг мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру бойынша шаралар жүргізілуде. Тұрғындар арасында учаскелер бойынша дәрістер, әңгімелесулер, сондай-ақ қызметкерлер үшін семинарлар өткізіледі, Ашық есік күні 2020ж. 24 қазанда өтеді. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты-қоғамның назарын кеуде обырының проблематикасына аудару, аурудың бастапқы сатысында диагностикасы мүмкін болу үшін осы мәселе бойынша білімді жақсарту және тиісті ем жүргізу. Сүт безі обыры-әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жасы қырыққа таяған «әлсіз жыныстың» өкілдері әсіресе осы аурудың құрбанына айналу қаупі бар. Соңғы онжылдықтарда бүкіл әлемде сүт безі обырымен күресу науқаны қолға алынған.

ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК-да «Халық Алғысы» медалімен ресми марапаттау рәсімі өтті

Бүгін 2020 жылғы 5 қазанда ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК-да Қазақстандағы коронавирустық инфекция пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен медицина қызметкерлерін «Халық Алғысы» медалімен ресми марапаттау рәсімі өтті. Төсбелгілерді емхана директоры Айгүл Қасымова салтанатты түрде 14 медицина қызметкеріне табыс етті, олардың адалдығы, кәсібилігі, белсенді азаматтық ұстанымы үшін үлкен алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Халық алғысы» мемлекеттік наградасы Мемлекет басшысының Жарлығымен пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу мақсатында арнайы тағайындалған болатын.

Бетперде инфекциядан сақтайды

Бетперде ауызды, мұрынды жауып тұрады және шаң-тозаңнан, инфекциядан сақтайды. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

Күзгі-қысқы маусымға дайындалудамыз.

№8 қалалық емханада «COVID 19-ға дайындық мәселелері туралы» семинар өткізілді, сонымен қатар, 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап күн сайын «COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын-алу» тақырыбында медицина қызметкерлерін аттестаттау басталды. Тестілеу 35 сұрақтан тұрады, оған COVID-19 алдын-алу және емдеу, эпидемияға қарсы шаралар, қол гигиенасы, медициналық қалдықтарды дұрыс залалсыздандыру сияқты түрлі тақырыптар кіреді.

№8 қалалық емханада республикалық «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бойынша акциялар өтеді

Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу аясында, №8 қалалық емханада республикалық «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бойынша акциялар, кездесулер, қайырымдылық іс-шаралары 2020 жылдың 14-21 қыркүйегі аралығында өтеді.

№8 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкерлері, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды құттықтап, азық-түлік пакеттерін сыйлады. Барлығыңызға мықты денсаулық және әр отбасына амандық тілейміз!

Сонымен қатар, емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері келесі негізгі идеологияларды тарату бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді: отбасы — бұл өмір сүруге тұрарлық нәрсе; берік отбасы — бұл табысты адамның сенімді тірегі; әр отбасы мемлекеттің қорғауында болады; ата-анаға қамқорлық — әркімнің қасиетті борышы; отбасын сақтау және нығайту үшін жасалған күш ешқашан зая кетпейді; сыйластық — берік отбасының негізі; балаларыңыз үшін жауапкершілік — өзіңізге деген жауапкершілік; отбасылық дәстүрлерді сақтау және жастарға жеткізу — аға ұрпақтың қасиетті борышы.

Тұрақты физикалық белсенділіктің артықшылықтары

Үнемі дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға және сақтауға ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік маңызы бар аурулардың пайда болу қаупін азайтады.

Ғылыми зерттеулер күндізгі белсенділіктің орташа 30 минуттық уақыты жеткілікті екенін айтады.

(Русский) Первого июня в Казахстане ежегодно отмечается Международный день защиты детей.

Первого июня в Казахстане ежегодно отмечается Международный день защиты детей. Сегодня 1 июня 2020г. в Городской поликлинике №8 провели День открытых дверей для маленьких пациентов . прием вели : педиатр ,психолог, социальный работник . Также маленькие пациенты читали стихи ,для них были приготовлены призы и подарки.

АИТВ туралы білу қажет

АИТВ — адамның иммун тапшылығы вирусы— адам үшін ең қауіпті жұқпаның бірі. 2018 жылдың соңындағы ДДСҰ деректері бойынша әлемде 40 млн астам осы жұқпаны жұқтырған адам тіркелген.
АИТВ/ЖИТС дегені не? және неліктен «жаудың жүзін тану» маңызды екен?

ДДСҰ анықтамасына сәйкес Согласно определению ВОЗ:
— ВИЧ— иммундық жүйені зақымдайды және адамдарды жұқпалардан және қатерлі ісіктің кейбір түрлерінен қорғау жүйесін әлсіретеді. Вирус иммунды жасушалардың функциясын әлсіретеді, сондықтан жұқпаны жұқтырған адамдарда біртіндеп иммун тапшылығы дамиды; — ЖИТС – (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) — АИТВ-жұқпаның ең соңғы сатысы, ол 2-15 жылдан кейін дамиды. ЖИТС үшін жұқпаның, ауыр клиникалық белгілердің, сондай-ақ кейбір қатерлі ісік түрлерінің дамуы тән.
АИТВ қалай жұқтырылады?
— Биологиялық сұйықтықтар арқылы: қан, емшек сүті, шәует сұйықтығы және қынап бөліністері. Сілекейде, көз жасында, несепте және терде вирустың мөлшері өте аз, ол жұқтыратын мәндерге жетпейді.
— күнделікті тұрмыстық қатынастар кезінде жұқтыруға болмайды: қол алысу, сүйісу, тұрмыстық заттарды бірге пайдалану және тамақ өнімдері мен суды пайдалану.
Қатер факторлары: Сөз АИТВ жұқтыру қатері ұлғаятын іс-қимыл түрлері және жағдайлар туралы болып отыр:
— қорғалмаған жыныстық қатынастар;
— жыныстық жолмен жұғатын жұқпалардың болуы (мерез, гонорея, жыныстық ұшық, хламидиоз және басқалар);
— иньекциялық есірткіні бірге пайдалану;
— қауіпті инъекциялар, қан құю, стерильді емес кесуді және/немесе тесуді қамтитын медициналық процедуралар (соның ішінде косметиклық процедуралар);
— медициналық көмекті көрсетуге байланысты қатерлер (кәсіби қатер). Емі бар ма?
АИТВ-жұқпадан емдейтін дәрі-дәрмек жоқ. Бірақ ретровирусқа қарсы дәрі-дәрмектермен тиімді емдеу арқысында оны жұқтыруды бақылауға және алдын алуға болады, бұл АИТВ жұқтырған адамдарға және айтарлықтай қатерге ұшырайтын адамдарға ұзақ және салауатты өмір сүруге мүмкіндік береді.
Өз АИТВ-мәртебені не үшін білу керек?
Бұл жұқтыру қатері өте зор болған жағдайда қажет. Ретровирусқа қарсы терапияны уақтылы бастау және жақын және сүйікті адамдарға жұқтырмау үшін. Барынша толық және сапалы өмір сүру үшін.
Аман-сау болыңыздар!